«6-сынып оқушысымын»: Төреғали Төреәлі Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескен сәтін есіне алды

0

Танымал әнші Төреғали Төреәлі Астанаға алғаш келген күнін есіне алып, балалық шақтан сыр шертті. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесінің айтуынша, алғаш рет бас қаладағы Наурыз тойына келген.

“6-сынып оқып жүргенде әкеммен еріп, Астанаға бірінші рет келдім. Ол кезде Наурыз тойы тойланып жатыр. Экс президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев та қатысты. Тірідей бірінші рет көрген едім. “Думан” қонақ үйіне тоқтағанымызды білемін. Одан кейін студент кезімізде айтыстарға қатысып, келіп тұрдық. Халықаралық деңгейдегі айтыстың бәрі осы қалада ұйымдастырылатын. Жүрсін ағамыз сол жарыстарға да мені қатыстырды. Талай жүлдені иелендік. Астанаға келгенде ылғи алғаш рет келген күнім есіме түседі. Бүгін де әкеміз екеуміз бір жақсы ағамыздың қуанышына келіп қалдық”, – деп айтты әнші.

Айта кетейік, өнер иесі контент түсіру мақсатында түрлі образ жасап, әлеуметтік эксперимент жасап жүр.

Алдымен үйінде ата образына еніп,балаларына көрсеткен әншіні жақындары танымай қалды. Одан кейін мейрамханаға әнші шапан киіп, ақсақал болып барды.

Одан кейін, көшеге қайыршыға ұқсап шығып, халықтан ақша сұрағанын жазған едік.