9 жасар бала өз өмірін қатерге тігіп, суға батып бара жатқан жасөспірімді құтқарды

0

Оқиға Ақши кентіндегі Алакөл көлінде болған. Public cris_p_brothers жазғандай, жасөспірім жалғыз жүзіп жүріп, көлдегі шұңқырға батып кете жаздаған. Мұны демалушылардың бірі байқап, көмекке шақыра бастапты.

Басылымда 9 жасар Бейбарыс біреудің көмекке мұқтаж екенін түсініп, жасөспірімді ойланбастан құтқаруға кеткені айтылады.

«Алайда олар кейіннен бірге суға бата бастаған. Содан кейін үшінші құтқарушы көмекке келді. Ер адам бірден екі баланы да судан шығарды».

Әжесінің айтуынша, ерлігімен көзге түскен тоғыз жасар бала бұрын апатқа ұшыраған және қатты күйзеліске ұшыраған, сондықтан оны Алакөлге демалуға жіберген.

Фото: Cris_p_brothers