Олимпиада жүлдегері Назым Қызайбай елге оралды
Парижде өткен жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбай елге оралды.
Спортшыны Алматының халықаралық әуежайында туған-туыстары мен жанкүйерлері, сондай-ақ БАҚ өкілдері ыстық ықыласпен күтіп алды. Салтанатты рәсім кезінде ән шырқалып, шашу шашылды.
— Назым еңбекқор спортшы. Еңбекқорлығының арқасында Қазақстан чемпионатын ұтып, лицензия алып, Олимпиадаға қатысты. Төрт кездесу өткізіп, біреуінде ғана ұтылып қалды. Ендігі жоспарымыз демалып, күш жинау. Меніңше, Назым әлі спортқа нүктесін қойған жоқ. Әлі келесі Олимпиадаға қатысып, алтын алады деп ойлаймын, — деді бапкер.
Еске салайық, 7 тамыз күні Назым Қызайбай Олимпиаданың қола жүлдесін жеңіп алды.