Қытайлық қазақ балуан Олимпиада чемпионынан ұтылып қалды

0

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Қытай құрамасындағы қазақ балуан Кабиран Абушайманұлы бірінші белдесуінде қарсыласынан ұтылып қалды.

Қандасымыз Парижде алғашқы белдесуінде америкалық Рио Олимпиадасының чемпионы Кайл Снайдерден 9:4 есебімен ұтылды.

Қандасымыз Абушайманұлы Ыстанбұлдағы әлемдік іріктеуде ширек финалдан сүрінбей өтіп, жартылай финалда қарсыласына жол берді. Алайда, қола медаль үшін таласта қарсыласын айқын басымдықпен ұтып, үздіктер қатарына кірді. Ал Олимпиада жолдамасы сарапқа салынған шешуші сында өзбекстандық қарсыласын 2:1 есебімен ұтып, Париж Олимпиадасына жолдаманы жеңіп алғанын жазған едік.

Айта кетейік, 26 жастағы Кабиран Абушайманұлы Қытайдағы қазақтар қоныстанған Тарбағатай аймағы Дөрблжін ауданында дүниеге келген.

Ол осыған дейін Жазғы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алса, Азия чемпионатында күміс жүлдеге қол жеткізген.