Назым Қызайбайды жылатқан журналист сынға қалды

0

Назым Қызайбайды жылатқан журналисті ел сынап тастады. Спортшыға “Қола жүлдені қанағат тұтасыз ба?” деп сұрақ қойған тілшіні психологиялық қысым жасады деп айыптап жатыр.

«Тілшілерге сұрақ қоюды үйрету керек!», «Ұтылып келе жатқан адамға сұрақ қою дұрыс емес секілді. Сұрақтары да қисық», «Үйде көңіл-күйің жоқ кезде біреу бірдеңе десе ашуланасың, мына жағдайда тіпті керек емес шынымен», «Не сұрақ қолаға шүкір етесің бе деген? Қаншама жыл қола үшін дайындалмады ғой», — деп жарыса жазуда.