Түлектер желіде төтенше аймақтың түлектерінің төмен балмен грант иеленгеніне шағымдануда
Әлеуметтік желіде жоғарғы балмен грантқа түсе алмаған түлектер шу шығарды. Олардың айтуынша, мемлекеттік гранттың көп бөлігін төмен балмен биыл төтенше жағдайға ұшыраған аймақтың оқушылары иеленген.
Осы жағдайға байланысты ата-аналар петицияға қол жинауда.
“Соңғы деректерге сәйкес, гранттың 20%-ы су тасқынынан зардап шеккен аймақтың түлектеріне бөлінді. Бұл мүмкіндік расымен талантты және дайындығы мол студенттердің лайықты білім алуына кері әсер етті. Олар экзамендерге барынша дайындалып, бар уақытын білімге арнады, бірақ нәтижесіз қалды. Грантты әділетсіз бөлу білім жүйесіне деген сенімсіздік тудырады. Министрліктен грантты бөлу қағидасын қайта қарауды сұраймыз. Төтенше жағдайда қалған аймақтың түлектеріне бөлек грант бөлінсін”, – делінген енді жарияланатын петиция мәтінінде.
Мәселен, туризм мамандығына 97 балмен ілінбегендер, небәрі 52 балмен, кей мамандықтарға 105 балмен түсе алмағандар, 70-80 балмен түскенін айтып, шағымданып жатыр.
Фото: newtimes.kz