Прокуратура: Шораевқа қатысты іс тоқтатылды
Қоғам қайраткері Арман Шораевқа қатысты іс тоқтатылды. Бұл туралы Астананың Нұра ауданы прокуратурасы растады, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.
«2024 жылғы 24 шілдеде Нұра аудандық полиция басқармасы А.Т.Шораевқа қатысты Қылмыстық кодекстің 109-1-бабы 2-бөлігі 5-тармағы («Бұзақылық мақсатпен ұрып-соғу» — еск.) бойынша қылмыстық іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылды», — деп хабарлады Tengrinews.kz сауалына Астана прокуратурасы.
Бұл ретте бұл әрекет «қылмыстық теріс қылыққа» жататыны атап өтіледі.
Бұған дейін желіде қызды ұрып-соғу сәті түсірілген видео пайда болды, ол Астана аулаларының бірінде түсірілген. 17 маусымда полицияда А. Ш-ға қатысты бірге тұратын әйеліне дене жарақатын салу дерегі бойынша соталды тергеу басталғаны туралы хабарланды.
Арман Шораевтың өзі видеоға қатысы барын жоққа шығарды. Ол Facebook-парақшасында жасанды интеллект кінәлі деп жазды.