Қырғызстандық зейнеткер Астанада өтетін көшпенділер ойындарына велосипедпен шықты

0

Ош тұрғыны Мамыт Таштанов Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысу үшін Астанаға велосипедпен шықты, — деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Ош қалалық мэриясының баспасөз қызметі мәліметінше, 74 жастағы зейнеткерді бейсенбі күні орталық алаңда жолға шығарып салған.

Ол 2016 шақырым қашықтықты жүріп өтуге ниетті екені айтылған.

«Іс-шараның мақсаты — түркітілдес елдер халықтарының достығын нығайту және спортпен шұғылдануға шақыру», — деді баспасөз қызметі өкілдері.

Екі жыл бұрын Таштанов Түркияның Изник ​​қаласында өткен IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына велосипедпен барған болатын.

Еске салайық, Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Астанада 8 мен 13 қыркүйек аралығында өтеді және оған 89 елден қатысушылар келеді.