Мысыр елінде 4400 жыл бойы адам қолы тимеген көне қорым табылды

0

Мысыр елінде 4400 жыл бойы адам қолы тимеген көне қорым табылды

Археологтар Мысыр елінде 4400 жыл бойы адам қолы тимеген, құпия сыры ашылмаған көне қорымды тапты. Бұл туралы BBC хабарлады.

Египеттің көне ескерткіштер жөніндегі жоғары кеңесінің бас хатшысы Мұстафа Вазири бұл жаңалықты «соңғы онжылдықтағы ерекше ашылым» деді. 

Каирден 30 шақырым жерде орналасқан Сақкара елді мекеніндегі пирамидалар кешенінде табылған қабір қабырғалары түрлі-түсті иероглифтермен безендірілген. Сондай-ақ, қабырғаларды ойып фараон мүсіндері орнатылған. Көркем фрескаларда Ватая атты бас діни қызметкердің анасы, әйелі және басқа да туыстары бейнеленген. 

Археологтар қазба жұмыстарын 16 желтоқсан күні бастады. Олар көптеген ежелгі заттар, оның ішінде діни қызметкердің мүрдесі бар саркофагты тауып алуға үміттеніп отыр.


Дереккөз: https://massaget.kz/