«Сол кезде сыйлы болармыз»: Қайрат Нұртастың ата-анасы шетелге көшуге қатысты пікір білдірді
Отандық мегажұлдыз Қайрат Нұртастың ата-анасы балаларынан бөлек тұрып, шетелге көшуге қатысты ойын айтты. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнерлі отбасы бір күні Алматыда болса, екінші күні Астанадағы немерелеріне барып жүргендерін жасырмады.
“Бала-шағамыз әбден өсіп-өнген соң, Нұреке, екеуміз өзіміз бөлек шықсақ деп ойлаймыз. Қазір енді заман басқаша ғой, ақысына тамақ істейтін, үй жинап беретін адамдар бар. Ешкімге зиянымызды тигізбейік, сол кезде сыйлы болармыз деймін. Бірақ әзірге бәрі реттеліп болсын деп күтіп жүрміз», – деп жан сырын ақтарды Гүлзира Айдарбекова.
Сонымен қатар әріптестерінің шетелден үй алып жатқанына қатысты да жеке көзқарасын білдірді.
“Балаларымыздың бәрінде үй бар. Ортаншы ұлым Астанада тұрады. Нұрекең немерелерін сағынған кезде сол жаққа кетіп қалады. Апталап жатып келеді. Бірақ осы күнге дейін қаншама рет шетелде қыдырып жүрсек те, ол жақтан үй алу ойда болмапты. Жұрт сияқты шетелден үй алып, ондай бір іс жасамаппыз. Бірақ ойымызда бар. Өйткені, Кипр бізге қатты ұнады. Бір жағы тау, бір жағы теңіз. Қартайғанда барып, бір 10-15 күн жатып, демалып тұру үшін шетелде бір үй болғаны дұрыс-ау деп ойланып жүрмін», – деді продюсер.
Еске салайық, Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртастың қатты сырқаттанып қалған кезін есіне алған еді.