Селфи жасаймын деп суға кетті: Түркістан облысында суға кеткен қызды іздеуде
Іздеу үшінші күні жалғасуда.
Қайғылы оқиға 28 шілдеде болған. Куәгерлердің айтуынша, 16 жасар қыз жиекте тұрып селфи жасауға тырысқан. Бірақ кенеттен жасөспірім тепе-теңдігін жоғалтып, Сайрам-Су өзеніне құлады.
«Құтқарушылар екінші күні өзен арнасы мен жағалау сызығын зерттеп жатыр», — деп хабарлайды басылым.
Жоғалған адамды 50-ден аса адам іздецде, олардың қатарында құтқарушылар, полиция қызметкерлері және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері бар.