Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады

0
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Энергетика министрі Алмасадам Майданович еліміздің отын-энергетика кешенінің биылғы бірінші жартыжылдықтағы дамуы жөнінде есеп берілді, — деп жазады Ақорда.Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, осы уақыт аралығында 44,7 миллион тонна мұнай өндірілген. Мұнай өнімдерінің өндірісі 6,78 миллион тоннаны құраған. Сондай-ақ 30,1 миллиард текше метр газ өндіріліп, электр қуатын өндіру көлемі 60,4 миллиард кВт/сағатқа жеткен.

Президентке ведомствоның тұтынушыларды электр қуатымен және жылумен тұрақты қамтамасыз етуге бағытталған ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жоспары жөнінде мәлімет берілді. Сонымен қатар жаңартылатын энергия көздерін дамыту шаралары туралы баяндалды.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы жылыту маусымына дайындық бойынша тиісті жұмыстарды жүргізуді және ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз етуді тапсырды.

фото: akorda.kz