300 мың қазақстандық тұрғын үй кезегінен шығарылуы мүмкін
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде хабарлағандай, тұрғын үйге Кезекте тұрғандардың тізімін жыл сайын түгендеу қорытындысы бойынша кезекте 650 мың қазақстандық тұр, оның ішінде 255 мыңы әлеуметтік осал топ. Бұл ретте 300 мыңға жуық адам тізімдерден шығарылуы мүмкін, себебі олар талаптарға сәйкес келмейді.
Қазіргі уақытта 34 мың азаматты кезектен шығару туралы шешім қабылданды, оның 17 мыңы мамыр айынан бастап алынып тасталды. Кезекте тұрғандарға SMS арқылы деректерді жаңарту қажеттігі туралы хабарланды.