«Бір айлық баласы қалды»: Қостанайда әйел 8-қабаттан секіріп қаза тапты

0

Қайғылы оқиға 28 шілде күні Быковский көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде сағат 10:00 шамасында болған. Әйелдің артында екі кішкентай  баласы қалды, деп хабарлайды Kznews.kz ақпарат порталы tobolinfo.kz сайтына сілтеме жасап.

Марқұм 1 айлық және 7 жастағы баласын пәтерде қалдырып, өзі 8 қабаттан секіріп кеткен. Бұл кезде марқұм әйелдің күйеуі балыққа кеткен.

Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметкерлері биологиялық өлімді растады.
фото: НАТАЛЬЯ МУЩИНКИНА