“Соңғы олимпиадам”: Ғұсман Қырғызбаев күтпеген мәлімдеме жасады

0

Париж олимпиадасының қола медалін иеленген дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев осымен мансабын аяқтады. Бұл туралы ол өзі мәлімдеді. 

«Бұл менің соңғы Олимпиадам. Жасым 32-ге келді. Сондықтан, бар күшімді осында тастадым.  60 келіде сегіз жыл күресіппін. Сол салмақта бұйырмаған Олимпиада жолдамасы 66 келіде қолға түсті.  Бүгінгі белдесулерге келер болсам, жартылай финалдағы бразилиялық жігіт басқалардан мықты дей алмаймын. Білмедім, жартылай финалда босаңсып кеттім бе… Екі ескерту бергені де ойда тұрды, кеңінен көсіле алмадым.  Ан Баулға келер болсам, соңғы екі әлем чемпионатында соған жол бердім. Валид Хиярдан да ұтылдым. Испандықты да бұрын жеңген емеспін. Бүгін бәрінен есем қайтты десем, артық емес. Қола медальға таласқан сербиялық спортшы өте мығым екен. Бойы ұзын. Оңай  болмады.  Міне, көптен күткен Олимпиада медалі қоржынға түсті. Бұл жеңісті қазақ еліне, ата-анам, әйелім мен балаларыма арнаймын», — деді ол.

фото: ашықдереккөз