Жұлдызнама белгісіне қарай өз жұбыңызға қандай сыйлық жасаған дұрыс?
Жұлдызнама белгісіне қарай өз жұбыңызға қандай сыйлық жасаған дұрыс?
Тоқты (21 наурыз – 19 сәуір)
Өзіңіз де білетіндей, тоқтыға ешқашан да уақыт жеткілікті емес. Олар үнемі асығып жүреді, өзіне жауапкершілікті көп жүктеп қояды. Үнемі жұмысты тындырып жүргенді ұнататыны соншалық, уақытының зая кеткеніне кей кездері ренішпен қарап жатады. Сіздің жұбыңыз тоқты болса, олардың үнемі жұмысын реттеуге көмектесетін органайзер таптырмас сыйлық болары анық.
Торпақ (20 сәуір– 21 мамыр)
Сіздің торпақ досыңыз ерекше әрі әдемі дүниені сый ретінде қабылдағысы келетіні шындық. Олар үнемі ашық әрі қымбат затты сыйға алғанды ұнатып жатады. Өйткені оларды бақуатты өмір қатты қызықтырады, сондықтан да оларға кезек келгенде тарылмағаныңыз абзал. Торпаққа әдемі қымбат әшекей немесе сәнді гаджет сыйлағаныңыз дұрыс.
Егіздер (22 мамыр – 21 маусым)
Егіздерге жақсы фантастикалық роман сыйласаңыз жеткілікті. Егіздер үнемі көп білгісі кеп жүреді. Өмірі шытырман оқиғаға толы кейіпкермен бірге қиял әлеміне ерік береді. Кітап оларды көңілі босаңсығанда, өз әлеміне шақырар құнды дүние болары белгілі.
Шаян (22 маусым – 22 шілде)
Досыңыз — шаянға ересектерге арналған бояу қағаздарын сыйлаңыз. Бәрі де ашуға тікелей байланысты. Өзінің эмоционалды энергиясын шығармашылық арқылы сыртқа шығаруға мүмкіндік беріңіз.
Арыстан (23 шілде – 22 тамыз)
Арыстандардың өз-өзін тани түсіп, өздеріне ұнайтын сый-сыяпат жасағаныңыз абзал. Арыстандардың өзімшіл әрі бәрінің көз алдында жүргізі келетіндігін ұмытпаңыз. Өз бағасын көтеріп тұратын керемет киім не бұйым сыйлаңыз. Олар жақсы киінгісі келеді, өйткені өздерін сол кезде ғана жақсы сезіне алады.
Бикеш (23 тамыз — 22 қыркүйек)
Тоқтыларға секілді, Бикештерге де органайзер көптік етпейді. Бикештер үшін бәрі өз орнында, тиянақты болғаны дұрыс. Олар әрдайым сенімді жүргісі келеді. Органайзер олардың тұлғалық қасиетін аша түседі.
Таразы (23 қыркүйек – 22 қазан)
Таразылар – эстетикалық тұлғалар. Қиял мен әдемілікке өте жақын. Айналасын да ерекше адамдарға толы деп түйсінеді. Сондықтан да таразы үшін ең әдемі сый — бөлмесін не кеңсесін сәндеп қоятын қолдан жасалған бұйым сыйлық болары анық.
Сарышаян (23 қазан – 22 қараша)
Сарышаянға не сыйлау қажеттігін айту өте қиын. Олар ерекше адамдар. Тек қана оларға ненің ұнайтындығын не қажет ететілетіндігін сіз ғана болжап біле аласыз. Бар болғаны бұл сый олардың тұлғалық келбетін аша түсуі керек.
Мерген (23 қараша – 21 желтоқсан)
Сіздің Мерген атты досыңыз сыйлық ретінде бәрін де алғысы келеді, ол шындық. Олар -еркіндік пен саяхатты жаны сүйетін адамдар. Сондықтан да оларға бұрын аяғын баспаған белгілі бір жерге барып келу билетін сыйға тартсаңыз болады, бұған олар ерекше қуанары анық.
Тауешкі (22 желтоқсан – 20 қаңтар)
Сіздің досыңыз тауешкі музыканы жаны сүйеді, сондықтан да музыкаға байланысты сый жасағаныңыз дұрыс. Әдемі, сапалы құлаққап артық етпейді. Ойнағысы келетін музыкалық аспап болса, тіптен жақсы. Музыкаға қатысы бар кез келген сыйлықты алса, олардың риза болары анық.
Суқұйғыш (21 қаңтар – 18 ақпан)
Егіздерге секілді, суқұйғыштарға да кітап сыйлаған орынды. Кез келген кітап емес, әрине. Оларды қызықтыра білетін кітап болуы тиіс. Олардың зияткер тұлға екенін ұмытпаңыз. Суқұйғыштар ақылды, зерек келеді, сондықтан да кез келген кітап оларға қызықсыз болуы мүмкін. Оларды ойға шомдыратын классикалық үлгідегі кітаптардан таңдасаңыз -қателеспейсіз.
Балықтар (19 ақпан – 20 наурыз)
Әртістік келбетті балықтарды жоғары сапалы камера сыйлап қуанта аласыз. Осылай сіз олардың шығармашылығын бағалайтындығыңызды көрсетесіз. Өз қабілетін көрсете алатын құрылғы да сыйға тартқан боласыз. Осылай оларға бағыт та бересіз.
Дереккөз: Клубер
Дереккөз: http://reactor.inform.kz