Назарбаев тағы бір атағынан айырылды
Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық Ғылым академиясының академигі атағынан айырылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy
Бұл туралы бүгін Ғылым және жоғарғы білім министрі Саясат Нұрбектің қатысуымен өткен онлайн брифингте белгілі болды.
Саясат Нұрбектің айтуынша, Ғылым академиясы жаңғырып жатыр. Оның сөзіне сенсек, Назарбаевтың туыстары кіретін академияның бұрынғы құрамы 2000 жылдардың басынан бері жұмыс істеп келеді. Былтыр президенттің шешішімен жаңа мәртебеге ие жаңа ғылым академиясы құрылған.