«Айтқан әңгімелерін енді түсіндім»: Балжан Бидаш экс-продюсері Баян Мақсатқызымен әсерлі видео жариялады

0

“Кешью” тобының экс әншісі Балжан Бидаш бұрынғы продюсері Баян Мақсатқызына ел алдында еркеледі. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі отандық сән көрсетілімінде өнерге келуіне себепші болған продюсерімен жолығып қалды.

“Өте әдемі кеш болды. Сағынған жандармен кездестік. Инстаграмға аз кіріп жүргенім осы. Жұмыстардан қол босамай кетті. Баян Мақсатқызымен қатар отырмыз. Оның құшағы кең, жүрегі жылы. Кезінде айтқан әңгімелерін есейіп, енді түсініп жатқанымды айтып, бір күліп алдық», – деп жазды Балжан Бидаш.

Өз кезегінде экс продюсер де әншінің видеосына қолдау білдіріп, оған сәттілік тіледі.

“Қандай әсерлі сәт болған?! Өнердегі қыздарымның бәрін жақсы көремін. Сендерді мақтан тұтамын”, – деп жазды продюсер.

Еске салайық, «Жаханмен ажырасқалы 4-5 ән шығардың» деп Балжан Бидаштың су жаңа әні ел талқысына түскенін жазған едік.