Қаза тапқан әйелдің құрсағындағы сәби құтқарылды

0

Палестинаның Газа секторындағы Израильдің шабуылынан қаза тапқан әйелдің құрсағындағы сәби құтқарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оқиға Газа секторы қоршауының орталық бөлігіндегі Нусейрат босқындар лагерінде болған. Аталған аумақтағы әл-Ауда ауруханасының акушерлері Израиль шабуылы салдарынан көз жұмған әйелдің құрсағынан сәбиін аман алып қалды. Бұл Anadolu ақпарат агенттігі таратты.

Тоғыз айлық жүкті әйелдің денесі түнде аурухананың жедел жәрдем бөліміне жеткізілді, деп хабарлады Палестинаның ресми ақпарат агенттігі WAFA.

Шұғыл кесарь тілігінің арқасында сәби аман қалды. Ол перзентханадағы инкубаторға орналастырылды.

Әл-Ауда ауруханасы – 2023 жылдың 7 қазанында Израильдің жаппай шабуылы басталғаннан бері Газаның орталығында гинекологиялық және акушерлік қызмет көрсететін жалғыз медициналық мекеме.