Атырауда видеоңды таратып жіберемін деп тұрғыннан ақша бопсалаған күдікті ұсталды

0

Атырауда тұрғыннан ақша бопсалаған күдікті ұсталды, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі ІІМ мәліметіне сілтеме жасап.

Атырау облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 1 миллион теңге бопсаламақ болған күдіктіні құрықтады.

«Ол 27 жастағы азаматты жеке басына қатысты бейнематериалдарды әлеуметтік желіге таратамын деп қорқытқан. 24 жастағы облыс тұрғыны жәбірленушіден 100 мың теңге көлемінде ақша алу кезінде қолға түсіп, қамауға алынды», — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалған.