Домбыра шерткен шіркеу монахинясы жұртты сүйсінтті

0

TikTok-та тараған видеода домбыра шертіп отырған монахиня желі қолданушыларын сүйсінтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Видеоны zarina.teolog аккаунтының қолданушысы жарияланған. Одан еліміздегі бір шіркеу монахинясының сахнада репитиция кезіндегі домбыра шертіп отырған сәтін көруге болады.

Залдағы шудың даусынан шіркеу қызметкерінің нақты қай күйді шертіп отырғаны белгісіз. Бірақ домбырадан шығып жатқан әуен халық әні “Еркем-ай”-ға қатты келіп тұр. Репитицияда Луиза есімді қыз айтысқа дайындалып отыр.

Монахиняның домбыра ұстасына және құлағын бұрап, күйге келтіріп жатқанына қарағанда ол біраздан бері үйреніп жүрген болуы керек.

Шіркеу қызметкерінің ұлттық аспапқа деген қызығушылығы отандастарымыздың үлкен құрметіне ие болғанын видео астындағы “тағы да бәрекелді, монашка ханым”, “біздікілер добмыраны харам деп журсе, монашкалар домбыра шертіп жатыр👍”, “Спасибо вам, это прекрасно❤️”, “шап сестра” деген пікірлерден-ақ байқауға болады. Дегенмен кейбір қолданушылар риза еместігін де білдірген.

Ал видео астындағы хэштегке қарағанда оқиға Атырау қаласында түсірілген сияқты.