«Халық аурушаң ұлын емдей алмай отыр»: Меруерт Түсіпбаева ұлына қымбат көлік сыйлаған Мадина Садуақасованы сынап тастады

0

Меруерт Түсіпбаева 42 миллионға ұлына көлік сыйлаған Мадина Сәдуақасованы сынға алды. Бұл туралы Stan.kz жазды.

“Мен 20 жастағы балама қымбат көлік сыйлағанымда, екі ай бойы ұялып жүрді. Көлікті курстастары көрмесін деп, университеттің ауласына кірмей, машинасын тығып жүрген. Бір көше жетпей тоқтап, жаяқ қатынапты. Маған да, “Мама, машинаны инстаграмға салмашы” дегенде мен қатты қуандым. Шүкір деп, риза болдым. Халқым аурушаң балапандарын емдейалмай, қол жайып отырғанда мынасы ұят болды Мадинаның. Асыра сілтеу әрі мақтану. Әріптесім үшін ұялып отырмын. Сөзім жоқ”, – деп жазды әнші.