Капитан құмар ойындағы қарыздарын жабу үшін әсери бөлімнің мүлкін пайдаланған

0

Семейде капитан жеке қарызын өтеу үшін әскери бөлімнің мүлкін ысырап етті, деп хабарлайды Әскери соттың баспасөз қызметі. 

Штабтың топографиялық қызметінің бастығы бола тұра ол ломбардқа әскери бөлімнің арнайы құрылғыларын тіккен. Мемлекетке келтірілген залал 2 миллион теңгеге бағаланды.

Семей гарнизонының әскери соты ҚР ҚК 189-бабы, 3-бөлігі, 2-тармағы бойынша Капитанды кінәлі деп таныды. Ол екі жарым жылға бас бостандығынан, сондай-ақ әскери атағынан айырылды.

Мемлекет кірісіне материалдық залал мен мемлекеттік бажды өндіріп алды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Фото: Keenan Constance/Unsplash