«Абақтыда дөкей біреудің туған күні болып жатқан жоқ па?»: Белгілі ақын түрмеге түскен әртістер туралы айтты
Асаба ақын Құрманай Бақтиярқызы түрмеге қамалған Қайрат Нұртас, Әбдіжаппар Әлқожа, Тұрсынбек Қабатовқа қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Kznews.kz Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.
Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады.
«Абақтыда дөкей біреудің туған күні болып жатқан жоқ па? Қылыштан өткір, өжет жүректі, өзгеше ұлдарыңа қарай көңіл аудартқызатындай Қазақстанда не боп жатыр екен, а? Әдейі қасақана көңілімізді бұзып, заңсыз шұжық пісіріп жатпасын. Аллаға аманат, қазағым тыныш болсын..», — деп жазды ол.
Ал желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді.
«Осы өнер жұлдыздарын жамандаудан басқа не білеміз біз!», «Олар ел алдында жүрген азаматтар! Үшеуі де ақыл тоқтатқан, отбасылы еркектер. Саясатты араластырудың қажеті жоқ», «Білмеймін, үшеуіне де жүрегім ауырып отыр. Не дегенімен үшеуінің де ойып алар орны ерекше жандар», «Өздері тыныш жүрсе болады ғой. Есіріп кеткен ғой жұрт «керемет» дегесін», деп жазды олар.
Фото: әлеуметтік желіден