“Әйелдер таңдаған еркектен бала тууды білді” — Тортуыл Шоқан елу жылдан кейін әйелге еркек керек болмайтынын айтты

0

Тортуыл Шоқанның фейсбуктегі парақшасында желі оқырмандарының арасында пікірталас тудыратындай жазба жариялады. Оның айтуынша, елу жылдан кейін әйел адамдарға ер адам керек болмай қалады.

“Расымен, ақшасы бар әйел еркекті қажет етпей қала ма? Шаңырақтың бекем болуы ер азаматтың қолында ма? Әйел ерді, ер әйелді кінәләу қоғам дерті сыңайлы. Отбасында кім табысты, сол мықты ма?

Байқаймын, енді бір 50 жылда әйел атаулыға күйеу керек болмайды-ау..

Разовый еркекті табар, бірақ, отбасы институты деген болмайтын сияқты..

Әйел қазірдің өзінде ақша тауып, жағдайын жасауды үйренді.

Таңдаған еркектен бала табуды білді, болды.

Ал, болашақта еркекке заңды әйел керек бола ма, жоқ па, білмедім.

Оны «зерттеу» керек сияқты», — деді ол.

фото:  Нэт (Великобритания, 2011 г.)