Жамбыл облысында су басқан үйлер саны 47-ге жетті: Тағы 400 аула су астында
Жамбыл облысы Жаңатас қаласында су астында қалған үйлер саны 47-ге жетті, тағы 1 әлеуметтік нысан және 400 аула аумағын су алған. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі.
Аймақтың төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше аудандық маңызы бар Жанатас-Саудакент автожол су алуына орай жол жабылған.
“Су айдау және жол төсемінің топырағын арнайы техникамен көтеру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ халыққа көмек көрсету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ол үшін жергілікті атқарушы органдар мен Төтенше жағдайлар және полиция департаменттерден 231 адам, 53 бірлік техника жұмылдырылды, 24 мотопомпалар мен дрон пайдаланылуда”, – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта су деңгейі төмендеген. Құрбандар мен зардап шеккендер, мал шығыны жоқ.
“Зардап шеккен халықты қабылдау үшін М.Әуезов мектебінде 45 орын және орталық ауруханада 60 орын дайындалды”, – деп қосты ТЖД өкілдері.