Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

0

Қазақстан Президенті өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Ұлттық домбыра күнімен құттықтауын жариялады.

«Ұлттық домбыра күнімен құттықтаймын! Бұл мереке қазақ халқының рухани өмірінде үлкен маңызға ие. Домбыра Ұлы дала өркениетінің ажырамас элементіне айналды. Біздің ортақ міндетіміз – қазақ мәдениетінің осы игілігін сақтау. Әр үйде Домбыра әуені естілсін!»,- деп жазды Мемлекет басшысы.