«259 миллион 616 мың теңге»: Динара Сәтжанның бір күндік образы ел талқысына түсті

0

Белгілі журналист, продюсер, кәсіпкер Динара Сәтжанның бір күндік образын көпшілік қызу талқылап жатыр. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жансая Махабаева есімді блогер отандық медиа өкілінің брендтерінің бағасын білді.

“Динара Сәтжанның мына образы қанша тұрады деп ойлайсыз?
Әдеттегідей, киімнен бастайық, мына комбинезон Acne Studios брендінен, бағасы – 700 мың теңге.
Күртешесi Maison Margela брендінен, бағасы – 228 мың теңге.
Ал көзілдірігі Saint Laurent Eyewear, бағасы  – 263 мың теңге.
Белдігі The Row брендінен, бағасы – 275 мың теңге.
Қолғабы Fendi брендінен, бағасы – 350 мың теңге”, – деп жазды блогер.

Сондай-ақ әшекей бұйымдарындағы бірі алқаның бағасы 100 миллион теңгеге жететінін жасырмады.

“Ал енді ең қызық жері – әшекейлердің бағасына көшейік. Сағаты Bulgari брендінің Serpenti топтамасынан, толық гауһар тастармен апталған, бағасы – 70 миллион теңге. Алқасы да осы топтамадан, бағасы – 95 миллион теңге.
Білезіктері де осы топтамадан, біріншісі – 57 миллион теңге, ал екіншісі – 21 миллион теңге.
Сақинаның бағасы – 9 миллион 500 мың теңге, екіншісі – 5 миллион 300 мың теңге.
Сонымен, барлығы – 259 миллион 616 мың теңге», – деді блогер.

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, журналистің образын талқылап жатыр.

“Менің тілім келмейтін миллиондар екен”, “Кішкентай затқа 70 миллион теңге төлеп қалай ала салады?”, “Осылардың айлығы қалай жетеді?”, “Қаншама адамның баспанасы үстінде жүр”, “Фотосессия үшін жалға алған болуы да мүмкін”, – деп жазып жатыр оқырман қауым.

Еске салайық, Динара Сәтжан тарихқа қатысты отбасындағы құпияны бөліскен еді.