“Өзіңізді пәк сүйетін Закуша” — Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтың хатын жариялады
Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында жұбайы Заманбек Нұрқаділовтың 2002 жылы жаңа жыл қарсаңында қызы Мерейге жазған хатын жариялады.
«Алтыннан ардақты,
Күмістен салмақты,
Аса қымбатты да, қадірлі қызымыз, Мерей!
Ең алғашқы Жаңа жылың құтты да, сүтті бола берсін! Бақыт пен шаттыққа толы болсын! Сан жылдар қызығыңды көріп, ұзағынан сүйіндірсін деп ізгі тілекпен құттықтаушылар — мамаң Мақпал, папаң Заманбек.
31.12.2002-1.01.2003 жылға», — деп жазылған хатта.
Сондай-ақ Заманбек Нұрқаділовтың өзіне де жазған хатын жеткізді.
«Алтыннан ардақты,
Күмістен салмақты,
Ең сүйкімді де, сүйікті қызым — Мерейдің ең сұлу да, ең көркем мамасы Жануля!
Періште тәрізді нәзік мінезді тұңғыш перзентімізбен бірге қарсы алатын алғашқы Жаңа 2003 жыл жанұямызға мол күлкі мен зор бақыт алып келсін! Үлкен қуаныш пен теңіздей шаттыққа кенелейік.
Өзіңізді пәк сүйетін азда-көпті жұмсақ аялайтын, құдай қосқан жарыңыз, Закуша.
31.12.2002 — 1.01.2003», — деп жазылған хатта.
Фото: massaget.kz