Қазақстанда ең жоғары жалақыны кімдер алады? — новости Казахстана

0

Ұлттық экономика министрлігінің сатистика комитетінің мәліметі бойынша, 2018 жылдың үшінші тоқсанында жалақы өскен. Соған орай ең жоғары жалақы алатын мамандық иелері белгілі болды деп хабарлайды BAQ.KZ.

Көрнекі фото: abctv.kz

Көрнекі фото: abctv.kz

Сонымен ең жоғарғы жалақы алатын мамандар:

Теңіз және жағалау жүк көлігі — 683 234 теңге (100,8% өткен тоқсанда, 99% өткен жылдың сәйкес тоқсанында),

Еңбекпен қамту — 563 449 (109,4%-113,1%),

Су көлігі — 560 818 (101,4% – 97,2%),

Басты компаниялардағы қызмет; басқару мәселелері бойынша кеңес беру — 505 020 (108,2%-95,2%),

Міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы қызмет — 499 228 (112,4%-116,2%),

Құбыр желісі бойынша тасымалдау — 472 658 (121,7% – 115,8%),

Әуе жолаушылар көлігі — 417 865 (96,8% – 114,8%),

Әуе көлігі — 414 931 (97,1% – 114,5%),

Сақтандыру, қайта сақтандыру және зейнетақы қорларының қызметі, міндетті әлеуметтік сақтандыруды санамағанда — 378 930 (128,9%-160%),

Сақтандыру және қосымша қаржылық қызмет көрсету — 374 188 (86,9-136%).

Ал керісінше, қоғамдағы ең төмен жалақы алатын сала мамандарына:

Бастауыш білім (бірінші сатысы), бірге тұрмай әлеуметтік қызмет көрсету, тергеу және қауіпсіздік қызметін көрсету, білім беру, жоғары білім, ветеринарлық қызмет кірген.