Беларусь ресми түрде ШЫҰ мүшесі болды

0

2024 жылғы 4 шілдеде Астанада Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысы Беларусь Республикасының ШЫҰ мүшелігіне қабылдау рәсімінен басталды.

Қазақстан Президенті отырысты аша отырып, бүгін Астанадағы саммитте ұйымды одан әрі кеңейту туралы маңызды шешім қабылданатынын атап өтті.

«Осыған байланысты Беларусь Республикасының Президентімен амандасқым келеді. Сіздің еліңіз қысқа мерзім ішінде ШЫҰ-ға толыққанды мүше болу жолында барлық қажетті рәсімдерді орындады. Егер қарсылық болмаса, отырысты ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің құрамына Беларусь Республикасын қабылдау туралы құжаттарға қол қою рәсімінен бастауды ұсынамын», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұдан әрі ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Басшылары Кеңесінің Беларусь Республикасын ШЫҰ-ға қабылдау рәсімін аяқтау және оған ШЫҰ-ға мүше мемлекет мәртебесін беру туралы шешіміне қол қойды.

фото: akorda.kz