«Мен түсінетін тілде сөйле»: дрифттен турнирдің негізін қалаушы қазақша сөйлеуден дөрекі түрде бас тартты

0

Әлеуметтік желілерде Gorilla Drift Championship турнирінің негізін қалаушы әрі жетекшісі Артем Чекменевтің қазақ тілінде сөйлеуден дөрекі түрде бас тартқан видеосы талқыланады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Видеода ер адамдар арасында даудың нақты себебі неде екені белгісіз, тек Чекменевтің мындай сөздерін естуге болады:

– Сен мен түсінетін тілде сөйле, әйтпесе менімен мүлде сөйлес пе, ұқтың ба? «Ей» деп әйеліңе қарата сөйле. Сен орыс тілін түсінбейсің ғой, братан?, – дейді ол.

Чекменовтың қай жерде дүниеге келгені белгісіз. Оның шығу тегі туралы деректер ашық көздерде жоқ.

Видео әлеуметтік желілерде дау туғызды. Көп адам Чекменевтің осылай сөйлегенін сынға алып жатыр.