Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңдарға қол қойды

0

Президент бірнеше маңызды заңдарға қол қойды. Оның ішінде мемлекеттік сатып алу туралы заңдар бар. 

— Сатып алу қорытындыларына веб-портал арқылы шағымданады және жеңімпаз Конкурстық комиссия айқындаған сатып алу бойынша ғана жүзеге асырылатын болады;

— Мерзімдер Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының деңгейіне ауыстырылды;

— Рәсімдерді оңайлату және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін мемлекеттік сатып алуды өткізілмеді деп тану негіздері қайта қаралды;

— Бұған дейін сатып алулар  бір  жеткізуші қатысқан кезде өткізілмейтін еді. Енді ол біліктілік талаптарына сай болған жағдайда, осындай өнім берушімен шарт жасасуға жол беріледі;

— Тауарларды бір көзден 100 АЕК-ке дейін, жұмыстар мен қызметтерді 500 АЕК-ке дейін сатып алу құқығы көзделген. Ауыл әкімдіктері үшін мұндай тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу шегі 3000-нан 4000 АЕК-ке дейін ұлғайтылды;

— ТЖ алдын алу үшін қажетті тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді бір көзден сатып алу мүмкіндігі белгіленді;

— Ғылыми ұйымдардың сатып алу тәртібі жеңілдетілді;

— Оң беделі бар өнім берушілер арасында сатып алуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін әлеуетті өнім берушілердің тізілімі енгізілді;

— Әлеуметтік, экономикалық және экологиялық аспектілерді ескере отырып, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға негізделген “тұрақты Мемлекеттік сатып алулар» енгізілді;

— Мемлекеттік сатып алуларға қоғамдық мониторинг жүргізу мүмкіндігі енгізілді;

— Бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған әлеуетті өнім берушінің, басшының немесе құрылтайшының Мемлекеттік сатып алуға қатысуына тыйым салу;

— Мемлекеттік сатып алуға жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі бар әлеуетті өнім берушілер жіберілмейді;

— Өнім беруші қосалқы мердігерлерге беретін жұмыстар мен қызметтердің шекті көлемі 50-ден 30 пайызға дейін қысқартылды;

— Барлық мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдарды сатып алудың бірыңғай платформасына ауыстыру мүмкіндігі белгіленді;

— Тауар биржалары арқылы сатып алу тәсілі алынып тасталды;

— Үкімет айқындаған нақты өнім берушімен тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден сатып алу енді ерекше жағдайларда жүзеге асырылатын болады;

— Тек шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен сатып алынатын ТЖҚ-ның жеке тізбесі пайда болады;

Заң 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

фото: egemen.kz