«Жоқ қылып жіберемін»: Қайрат Нұртас тағы да дауға ілікті (видео)

0

Белгілі әнші Қайрат Нұртас тағы да дауға қалды. Ол өзін агрессивті ұстап, әдепсіз сөздер айтып жұртшылықтың назарына ілікті. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Желіде тараған видеодан әншінің көшеде белгісіз көліктің жанында тұрып, бөгде адаммен сөзге келгенін байқауға болады.

«Көлігіңді ал деймін саған. Қазір жоқ қылып жіберемін», – дейді Қайрат Нұртас.

 

Желіде тараған видео бір күнде 4 миллион қаралым жинаған. Бұл жағдай оның беделіне айтарлықтай әсер етіп, жанкүйерлері мен жұртшылықтың теріс реакциясын тудырды.

“Қайрат жақын күндері әндерін тек өз отбасының ортасында отырып айтатын күнге жеткелі тұр. Халық сені қалай көтерсе, солай түсіре салады. Халық болмаса ешкім емессің”, “Адам менсінбейді. Сана сезімі төмен болып тұр ғой”, “Ақылсыз екен”, “Халықтың арқасында осы дәрежеге жетіп отырсың. Ақшамен абыройды сатып ала алмайсың. Ұмытпа!”, – деп жазды олар.

Аталған жағдайға қатысты Астананың полиция департаментіне сұрау жібердік. Алайда әлі жауап ала алмадық.

Айта кетейік. бұған дейін Танымал мегажұлдыз Қайрат Нұртас екі бірдей жауапкершілікке тартылып, айыппұл төлеген еді. Ол қазақстандық әнші HIRO-мен музыканың дауысын қатты қойып, көлікте келе жатқан. Бұл жағдай бойынша Қайрат Нұртас көлікте қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін айыппұл арқалаған.

Кейіннен әнші сахнада балағат сөз айтқаны үшін жауапқа тартылған. Оған қатысты «Ұсақ бұзақылық» бабымен хаттама толтырылып, 20 АЕК немесе 73 840 теңге айыппұл төлеген.