Таразда «Маугли» отбасы табылды: 40 жастағы ер адамдар мен анасының жағдайы мүшкіл

0

Желіде тараздық еріктілердің антисанитариялық жағдайда тұратын «Маугли» отбасын тапқан сәті видео түсіп қалды. Кадрларда анасысымен бірге тұратын ұлдары Иван мен Александрдың психологиялық ауытқулары бар екені байқалады. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Анасының жасы – 78-де. Қазір кейуана ауыр халде болғандықтан 40 жастағы ұлдарын қарауға денсаулығы жарамайды. Еріктілердің айтуынша, анасының аясында құрт бар.

«Добрые сердца Тараз» қоғамдық бірлестігі отбасының қазіргі мүшкіл жағдайын бөлісті.

«Ваня әлі күнге дейін атасы оларды психологиялық мекемеге қамап, қалай ұрған кезін ұмытпаған. Бүгін бөлмелерді ашқан сәттегі Сашаның құрғақ вермишель жеп жатқанын көре аласыздар. Сол себепті біз күнде келіп, әрқайсысын жеке-жеке тамақтандырып кетеміз. Ваняға өмірдегі ең маңызды нәрсе – тамақ. Өйткені ол «Маугли» секілді оны жасырып, тығып жейді. Енді біз олардың өмір сүру жағдайын тез арада ретке келтіруіміз қажет. Қарт ананы мұнда әкелуге болмайды», – деп түсіндірді қоғамдық бірлестік.

Бұл отбасы тұратын үй антисанитариялық және қорқынышты жағдайда. Үйдің барлық жері ластанып, сасық иіс басып кеткен. Еріктілер қазір бұл отбасын қайда орналастырарын білмей қиналып отыр. Қоғамдық бірлестіктегілер ауруханада жатқан ананың емделуіне және отбасын жаңа баспанамен қамтамасыз етуге қаражат жинауды бастап кеткен.

Редакция Жамбыл облысы әкімдігінен оқиғаға қатысты түсініктеме күтіп отыр.

Еске салсақ, бұған дейін Шымкентте психикалық мекемеде тіркеуде тұрған ер адам асырап алған алты балаға ит етін жегізіп, мал бақтырып келгені туралы жазған едік. Өзін “емшімін” деп таныстырған ер адам балаларды Шымкент, Алматы, Өскемен, Астана қалаларындағы балалар үйінен алып кеткен. Екі бала асырап алынды, қалғандары қамқоршылыққа алынды.