Назарбаев мектебінен орамал таққаны үшін оқудан шығарылған қыз мектепке қайта оралады
Орамал таққаны үшін мектептен шығарылған оқушының Қарағанды соты ісін қарап, шешім шығарды.
Сот істі қарау барысында екі тарапты да ескере отырып, оқушы қыздың қалай киінгенін, басындағы орамалына дейін зерттеп, бір күнде шағымды қарады. Қыздың әкесі алты ай бойы осы мәселе бойынша арнайы органдарға жүгінген. Соттар істі қарауды кешіктіріп, түрлі себептермен талап арыздарды қараудан бас тартқан. Оқу жылы аяқталғаннан кейін ғана әкімшілік іс бойынша сот отырысы өтті.
Еске сала кетейік, 28 маусымда оқушы қыз 2023 жылы Назарбаев зияткерлік мектебінен сабаққа келмегені үшін оқудан шығарылған болатын.
фото: ашықдереккөзден