Кәрім Мәсімовке рақымшылық жасаудан бас тартылды — депутат

0

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовке рақымшылық жасаудан бас тартылды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Марат Бәшімов Facebook-парақшасында жазды, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

Бәшімовтың айтуынша, Қазақстан Президенті жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтіп, онда кешірім жасау туралы алдын ала материалдар қаралған. Комиссия құрамына үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ғалымдар, адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі, Бас прокурордың орынбасары және қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы кіреді.

«Комиссияның соңғы отырысында кешірім жасау туралы кейбір материалдар алдын ала қаралды. Мерзімді екі жылға қысқарту арқылы кейбір оң ұсыныстар қарастырылды. К. Мәсімовке кешірім жасау мәселесін қарау туралы журналистердің сұрақтарына: комиссия одан бас тартуға кеңес берді», — деп жазды Бәшімов.