“Менің халық алдындағы еңбегім” — Дариға Назарбаеваның кітап шығарғаны рас па?

0

Әлеуметтік желілерде Тұңғыш Президенттің үлкен қызы, Сенаттың бұрынғы төрағасы Дариға Назарбаева естеліктер кітабын шығарды деген қауесет тарады.

Көптеген телеграм-арналар «Меломан» интернет-дүкенінде Дариға Назарбаеваның естеліктерін «Менің халық алдындағы Еңбегім»деген атпен кітап қылып басып, сата бастағаны туралы хабарлама таратты. Кітапта Қазақстанның тұңғыш президентінің қызы Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен қызметі туралы естеліктер жинақталған деп айтылды. Желідегі «скриншоттарға» қарағанда, Назарбаева ханымның естелігін небәрі алты мың теңгеге сатып алуға болады.

Алайда “Меломен” кітаптар желісінің баспасөзі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
фото: скрин orda.kz