Әлемдік тарихи ескерткішке есімін жазған қазақстандық азамат ұсталды
Помпей археологиялық саябағындағы Цей үйінің қабырғасына ALİ деп жазып кеткен туристі қауіпсіздік қызметкерлері ұстап әкеткен. Оқиға 22 маусымда болды. Бұл туралы Euronews жазды.
Жауапкершілікке тартылған азамат айыппұлмен бірге сол қабырғаны қалпына келтіру үшін де ақша төлейді. Құны 60000 еуроны құрауы мүмкін деген болжам бар.