“Әуелі қызын тұншықтырып, сосын өзі аттракционнан секіріп өлген”
Хабарланғандай, Алматы облысының Іле ауданында әйел әуелі қызын тұншықтырып өлтірген, содан кейін Горький саябағына барып, аттракционнан секіріп мерт болған.
Қызы 5 жаста болған. Баланың қайтыс болғаны туралы ақпаратты Алматы облысының ПД растады.
«Кәмелетке толмағандардың қайтыс болу фактісі бойынша тергеу жүргізілуде. Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жария етілмейді», — деп
Алматы облысының ПД хабарлады.
фото: mosaica.ru