“Маған тиісе бермесінші” — Ішкі істер министрімен әзілдескен Төреғали елді күлкіге қарық қылды
Мерекелік кеште полицейлерді мерекесімен құттықтаған әнші Төреғали Төреәлі көрерменді күлкіге қарық қылды. Әлеуметтік желіде тараған видеода ол Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке:
«Мені танып тұрсыздар ма? Мен де сіздерді жақсы көріп, біліп тұрмын. Құрметті Ержан аға, сізбен осындай керемет жерде көрісіп тұрғаныма қуаныштымын. Маған тиісе бермесін, мына кісілерге айтып қойсаңыз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!» – деп әзілдеді Төреш.
Артынан өлеңдетіп, өнер иесі тағы да көпшілікпен әзілдескен.
«Құттықтауға Төрештей ұл келгені,
Бір-екі ауыз қалжыңдап үлгергені.
Өзінің мейрамында қызық болды-ау
Полиция арудың гүл бергені!» – деп жазды Тәреғали Төреәлі желідегі парақшасында.