«СҚ-Фармация» басшысы қызметінен босатылды
Ерхат Есқалиев «СҚ-Фармация» басқарма төрағасы қызметінен босатылды. Ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі растады, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.
«СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Серікұлы Есқалиевтің өкілеті мерзімінен бұрын тоқтатылды», — деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі редакцияға.
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың бұйрығына сәйкес, Есқалиев 18 маусымда қызметінен босатылған.