Сыртқы істер министрлігі Ақжарқын Тұрлыбайдың жағдайына қатысты пікір білдірді
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров 17 маусымдағы брифингіде Қытайда өмір бойына бас бостандығынан айырылған Қазақстан азаматы Ақжарқын Тұрлыбайдың хал-ахуалы туралы айтты, деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.
Айбек Смадияров дипломаттардың Ақжарқын Тұрлыбаймен үнемі байланыста екенін айтты.
«Ол өзін жақсы сезінетінін айтты, қажет болған жағдайда оған дипломаттар барады, онымен үнемі хабарласып тұрады, оның жағдайын біліп отырады», — деді ол.
Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы Гуанчжоу әуежайында ұсталған. Ол есірткі контрабандасы үшін айыпталып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды.