Путин өзінің туысы Цивилеваны қорғаныс министрінің орынбасары етіп тағайындады

0

Ресей президенті Владимир Путин қорғаныс министрінің төрт орынбасарын дереу қызметінен босатып, жаңа адамдарды тағайындады. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Путин жаңа орынбасарлар тағайындау бойынша дереу бұйрық шығарып, Николай Панков, Руслан Цаликов, Татьяна Шевцова және генерал Павел Поповты қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатты.

Оның жарлығымен тағайындалған министр орынбасарларының қатарында Кемерово облысының бұрынғы губернаторы, жақында энергетика министрі болған Сергей Цивилевтің әйелі Анна Цивилева да бар. Цивилеваның Путиннің немере қарындасы. Цивилевтер отбасы – «Колмар» ірі көмір өндіру компаниясының иелері. 2023 жылы Цивилева Украинадағы соғысқа қатысушылардың отбасыларына әлеуметтік қолдау көрсететін «Отан қорғаушылар» қорының басшысы болып тағайындалған.

Цивилевадан басқа, министрдің орынбасары болып Ресей үкіметінің бұрынғы басшысы Михаил Фрадковтың ұлы Павел Фрадков тағайындалды. Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары болып бұрынғы қаржы министрінің орынбасары Леонид Горнин тағайындалды.

Еске салсақ, осыған дейін Путин Украинадағы соғысты тоқтатудың шарттарын атаған еді.