3 жыл үйімде тұрып, айтып отырған әңгімеңді естіп, ұялып отырмын». Жігер Ауыпбаев қойшы балаға ренішін білдірді
Әнші Жігер Ауыпбаев қойшы бала деген атпен танылған шәкірті Айдос Каденге ренішін жеткізді.
Жігер Ауыпбаевтың айтуынша, Айдос үйінде 3 жыл бірге тұрған.
«Ауылдан Алматыға алып келіп қанатымның астына алып, қаншама талантты іні-қарындастарым армандап жүрген сахналарға жетектеп шығарғанымды қайтейін… Ең өкініштісі, көпшілік көріп куә болып жүрген кішігірім еңбегімді елемегенің. Сенің алар асуларың әлі алда еді, Айдосжан. «Қайта кірер есігіңді қатты жаппа», «Ішкен құдығыңа түкірме» дейді қазақ. 3 жыл үйімде тұрып, асымды ішіп келіп тиктоктың тікелей эфирінде көпшілікке айтып отырған әңгімеңді естіп, көріп мен ұялып отырмын. Мен сен жайлы айтар болсам өнер жолындағы болашағыңды былғап аламын ба деп қорқамын. Ақылың бар ғой, балақай. Артық әңгімені қоя ғой. Бұл ескерту деп қабылдай ғой. Мен сені інім, шәкіртім ретінде жақсы көремін. Сол қадіріңді кетірмей-ақ қой!» — деп жазды әнші.
фото: massaget.kz