«Домбыра тартсақ, сақал қоймасақ жазалайды»: Ауғанстанда тұратын қазақтар қазіргі күйі туралы айтып берді

0

Ауғанстандағы этникалық қазақтардың өмірі мен тыныс-тіршілігін баяндайтын деректі фильм жарияланды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Деректі фильм YouTube желісіндегі “Жалғыз жолаушы” арнасында жарияланған. Фильмде Ауғанстанда тұратын қазақтардың шынайы өмірі бейнеленген.

Деректі фильмнен ауғанстандық қазақтардың қазақ тілінде еркін сөйлейтінін байқауға болады. Сондай-ақ олардың Ауғанстан билігі берген құжаттарында ұлттары “қазақ” деп жазылғанын айтып, құжаттарын көрсетеді.

Фильм кейіпкерлерінің айтуынша, қазір жастар арасында қазақ тілі бірте-бірте ұмытылып бара жатқан көрінеді, жастар көбінесе өзбек, парсы, ауған тілдерінде сөйлейді екен.

Ел шариғат тәртібі арқылы басқарылатындықтан, ауған қазақтарына домбыра тартуға тыйым салыныпты. Өздерінің айтуынша, домбыра тартқан адам жазаға тартылып, домбырасы тартып алынады. Сондай-ақ дәл сол шариғат тәртібімен сақал қоймаған, намаз оқымайтын адамдар да жазаланады. Ал кімнің намаз оқымай жүргенін жергілікті имамдар бақылап, билікке хабарлап отырады екен.