ЖОО-ға грантқа түсу үшін ҰБТ-да қанша балл жинау керек?

0

Қазақстандағы Ұлттық тестілеу орталығы биылғы түлектерге жаңа ақпараттармен бөлісті.  Олар грантқа түсудің шекті балы туралы айтты. 

«Мысалы, академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды ​​университетінде «Математика мұғалімдерін даярлау» мамандығы бойынша грантқа түсу үшін 77 баллдан, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де 110 баллдан кем емес балл жинау керек, ал SDU University-не түсу үшін 120 ұпайдан жоғары болуы шарт», — деп жазды.

ЖОО-лардың тізімі мен шекті балды да жариялады.
фото: Ұлттық тестілеу орталығы