Елдос Колобок 8 баласы бар анаға ерекше әдіспен баспананың кілтін тарту етті

0

Әлеуметтік желіде әзілкеш, блогер “Колобок” лақап атымен танылған Елдос Кәдірханов “Харекет” қайырымдылық қорының атынан 8 балалы Райхан есімді анаға баспана кілтін тарту етті. Бұл туралы ол инстаграмм парақшасында жариялады.

«Ет жемейміз деп едіңіз ғой, сол сөзіңіз ойымнан кетпей қойды. Сонымен не істерімізді білмей, ет алып келгенбіз. Мына еттің бәрі сіздерге. Бұдан кейін ет жемейміз деген нәрсені айтпаңыз. Бала-шағаңызға беріңіз. Әдейі қойдың етін де, жылқының етін де, сиырдың етін де алып келдік. Сосын күннің ыстығында етті қайда қоямын деген әңгіме болмасын деп тоңазытқыш алып келдік. Осының ішіне жаңағы тәтті, балмұздақ, етті сақтап қойсаңыз болады. Бұл біздің отбасымыздың атынан сіздің отбасыңызға. Бірақ бұл тоңазытқыштың далада тұрғаны болмайды, сізде асүй жоқ. Оны қайда қоямын деп уайымдамасын деп арнайы «Харекет» қайырымдылық қорының атынан 1172 баспананы табыстаймыз», — деді видеода Елдос Кәдірханов.

фото: massaget.kz