Ақмолада үсіп қалған ер адамның мәйіті табылды

0
Ақмолада үсіп қалған ер адамның мәйіті табылды


Ақмола облысының Степногор қаласында үсіп қалған ер адамның денесі табылды.

Ведомствоның мəліметіне қарағанда, ер адамның мәйіті желтоқсанның 19-нан 20-сына қараған түні Степногор қаласындағы көшелердің бірінде табылған. Алдын ала деректерге қарағанда, ер адамның жасы   40-50 жас шамасында жəне суықта қатып қалған.

«Қазіргі кезде, осы оқиғаға байланысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр, ер адамның аты-жөні анықталуда», — деп түсіндірді ведомстводан.

Дереккөз: ҚазАқпарат