Жастарға энергетикалық сусындар сатуға тыйым салынады – Мәжіліс заң қабылдады

0

Қазақстанда 21 жасқа толмаған адамдарға энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салынады. Бұл норма бүгін Мәжілістің жалпы отырысында қабылданған лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы заңда қамтылды. Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, құмар ойындарға әуестенген азаматтар түні бойы сергек жүріп, құмар ойын ойнау үшін энергетикалық сусындарды көптеп алады.

«Қаржылық мониторинг агенттігі мәліметіне қарағанда, қазір кәмелетке толмаған 200 мыңнан астам адам тұрақты түрде құмар ойын ойнаған. Бұл жасөспірімдер де энергетикалық сусындарды ішіп отырып, бәс тігулері мүмкін. Энергетикалық сусындар алкогольден де қауіпті болды. Қазір 10 жасар бала да энергетикалық сусынды оңай сатып алады. Осыған орай Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 21 жасқа толмаған адамдарға энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салынды», — деді депутат.

Айта кетейік, бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы екінші оқылымда қаралып, қабылданды. 
фото: ашықдереккөз